Бұған қоса наразы топ «акциялар кезінде ұсталғандардың барлығын босатуды» талап етті.
Маршқа жиналғандар президент Александр Лукашенконың "арамтамақтарға салық салу туралы" декреті Конституцияға және Беларусьтің халықаралық міндеттеріне қайшы келетінін мәлімдеді.
Беларусьте жаппай наразылық акциялары ақпан айынан бері өтіп келеді. Жаңа заңғай сәйкес, елдің жұмыс істемейтін әрбір азаматы қазынаға жыл сайын шамамен 200 евро төлеуі тиіс. Митингтерден соң президент Лукашенко салық төлеу мерзімін келесі жылға ауыстырды.