Аралдың құрғақ аймақтарына орман отырғызылады

Көркем Алдабергенова 20 қаң. 2025 16:07 773

Аралдың құрғақ аймақтарына орман отырғызылады, деп хабарлайды Dalanews.kz Экология министрлігіне сілтеп. 

Жобада КАТКО, француз мемлекеттік компаниясы «Orano Mining SA» мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының бірлескен кәсіпорны және басқа да ұлттық және жеке компаниялар орман отырғызу жұмыстарын ұйымдастыруда белсенді қатысуда. Жобаның негізгі мақсаты – жерлердің одан әрі деградациясының алдын алу, экологиялық жағдайды жақсарту.

Бүгінгі күнге нәтижелер:

  • 522 тонна тұқым жинақталды.
  • 2024 жылғы 16-30 желтоқсан аралығында 12 000 гектарға егін егу жұмыстары жүргізілді.
  • 2025 жылғы қаңтар мен ақпан айларында 108 000 гектарға егін егу жоспарлануда.
  • 2025 жылғы наурызда 16 492 гектарға сексеуіл тұқымдас ағаштар отырғызу жоспарланған.

Бұл жоба Арал экологиялық апатынан кейінгі салдармен күресу жөніндегі мемлекеттік стратегияның бір бөлігі болып табылады. Қазақстан экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ішкі және халықаралық деңгейде белсенді жұмыс істеуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар