Арал маңында пайдалы қазба өндіруге тыйым салынуы мүмкін

Қаракөз Амантай 06 нау. 2025 09:40 246

Қазақстанда Арал теңізінің маңында пайдалы қазбалар өндіруге тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулерді мақұлдады. Оған сәйкес, билік Арал теңізі маңында пайдалы қазбалар өндіруге тыйым салуды көздейді.

Сонымен қатар, заң жобасы келесі өзгерістерді қамтиды:

  • жерасты су ресурстарын реттеу және пайдалану мәселелерін қарастыратын екі Кодексте бірыңғай терминологияны қолдану;
  • Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында көмірсутектерді барлау және өндіру операцияларын жүргізуге қойылған тыйымды алып тастау.

Бұдан бөлек, депутаттар Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын да мақұлдады.

Құжат келесі құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдатуды қарастырады:

  • суды заңсыз алу;
  • су нысандарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде рұқсатсыз құрылыс жүргізу;
  • су пайдалану шарттары мен режимін бұзу;
  • су нысандарының арнасын немесе шекарасын заңсыз өзгерту.

“Айыппұл мөлшерін арттыруды орынды деп санаймыз, себебі қазіргі көлемі заң талаптарын орындауға жеткілікті ынталандырмайды. Қазір айыппұл төлеген әлдеқайда арзанға түседі, ал заңды сақтауға қаржы бөлу тиімсіз болып отыр”, – деді депутат Павел Казанцев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар