Ақтөбеде поликлиника тірі адамды қателесіп «қайтыс болды» деп тіркеген

Көркем Алдабергенова 29 қаң. 2026 14:19

Ақтөбе қаласының тұрғыны өзін қателікпен қайтыс болды деп таныған медициналық мекемені сотқа беріп, моральдық шығын үшін өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 2025 жылдың жазында болған. Аурухана дерекқорына қате мәлімет енгізіліп, соның негізінде азаматтық хал актілерін тіркеу органдары ер адамды ресми түрде қайтыс болды деп тіркеген. Қателік тек бес күннен кейін ғана түзетілген.

Талапкердің айтуынша, осы уақыт аралығында ол бірқатар қиындыққа тап болған. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек ала алмаған, несие төлеу мен салықтық міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған.

Ер адам моральдық зиян үшін 1 миллион теңге өтемақы талап еткен. Ал аурухана өкілдері бұл жағдайды техникалық ақаумен байланыстырып, қате дер кезінде түзетілгенін алға тартқан.

Алайда сот медициналық ұйым жіберген қателік азамат пен оның жақындарына моральдық зиян келтіруі мүмкін екенін мойындап, аурухананы 200 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove