Ақтөбеде кәсіпкерлік нысандарға тексеріс жүргізіліп, бірқатар санитарлық және абаттандыру талаптарының бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Dala News.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп Жилгородок базары мен Есет батыр көшесіндегі нысандарды тексерді. Рейдтің мақсаты – көктемгі екі айлық аясында кәсіпкерлердің санитарлық талаптарды сақтау деңгейін анықтау.
Тексеру барысында кәсіпкерлерге аумақты қоқыстан тазарту, көгалдандыру жүргізу және ғимараттардың қасбетін ретке келтіру қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар бірқатар заңбұзушылықтар тіркелген.
Жауапты мамандар кәсіпкерлерге арнайы жадынамалар таратып, талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.
Облыстық басқарма басшысы Досжан Әлібековтің айтуынша, бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүргізілуде.
Оның сөзінше, Ақтөбеде 28 наурыз – 30 мамыр аралығында көктемгі санитарлық екі айлық жарияланған.
«Қала тазалығы – әр кәсіпкердің жауапкершілігі», – деді ол.
