Ақтөбедегі әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сот «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ны сұйытылған газ нарығында заң бұзды деп танып, 36,7 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу барысында компанияның серіктестерге экономикалық жағынан тиімсіз шарттар қойғаны анықталды.
Мысалы, төлемді үш күн ішінде жасау талабын енгізген. Ал қолданыстағы норма бес жұмыс күніне дейін рұқсат береді.
Сонымен қатар автоцистерналарды тек 85% көлемге дейін толтыру міндеттеліп, бұл логистикалық қиындықтар туғызған.
Компания өндіріс көлемін де негізсіз шектегені белгілі болды.
Сот антимонополиялық органның тұжырымдарын толықтай қолдап, компанияны айыппұлмен қатар заңбұзушылықтарды түзетуге міндеттеді. Енді кәсіпорын тәулігіне орта есеппен 114 тонна сұйытылған газ өндіруге тиіс.