Ақтөбеде "бочча" паралимпиадалық спорт түрінен инклюзивті турнир өтті

Қаракөз Амантай 25 қыр. 2024 11:02 1922

24 қыркүйек Ақтөбеде Қазақстан бочча Федерациясы теннис орталығында "бочча" паралимпиадалық спорт түрінен инклюзивті турнир өткізді. Іс-шара инклюзивті қоғамды дамытуға және ерекше қажеттілігі бар жас спортшылар арасында белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Турнирге 30 қатысушы, оның ішінде мүгедектігі бар балалар мен ересектер, сондай-ақ үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты. Шараның басты мақсаты – бұл ойын түрін танымал ету ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы инклюзивтілік пен теңдікті нығайту, диалог пен өзара әрекеттесу алаңын құру.

Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Айбекұлы Шоқпутов ізгі тілектрін білдіріп, биыл мүгедектігі бар спортшыларға арналған спорт клубында "бочча" бөлімі ашылатынын, сондай-ақ Қазақстандық бочча Федерациясымен бірге боччистердің кәсіби дайындығын күшейтетінін атап өтті.

Қазақстан Бочча федерациясының демеушісі "ERG Komek" корпоративтік қорының қолдауымен Ақтөбе облысындағы ерекше қажеттілігі барспортшыларға арналған спорт клубына бочча доптарының екі жиынтығы және бочча ойнауға арналған арнайы рампа берілді.

Қосымша іс-шаралар:

Турнирдің өзінен бөлек, 23 қыркүйекте Ақтөбеде 65 адамға арналған бейімделген дене шынықтыру мен бочча бойынша тегін семинарлардене шынықтыру мұғалімдері мен студенттеріне өтілді. Бұл мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған және мүмкіндігі шектеулі балалармен және ересектермен жұмыс істеу әдістері мен тәжірибе алмасуды қамтиды.

Жобаны қолдау:

Бұл іс-шаралар "ERG Komek" корпоративтік қоры қолдауының арқасында паралимпиада спортының бочча түрін дамыту жобасы аясында өтті. Қазақстандық Бочча федерациясы пара-спортшыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, бейімді спорт саласында кадрлық әлеуетті дамыту бойынша белсенді жұмыс істейді. Сондай-ақ қор спортшыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, турнирлер мен жаттығулардың инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады.

Әлеуметтік маңыздылығы:

Жобаның спорт арқылы қоғамдағы инклюзивтілік пен теңдікке ықпал ететін жоғары әлеуметтік мәні бар. Бочча мүмкіндігі шектеулі адамдарды интеграциялаудың, олардың әлеуметтік және физикалық белсенділігін арттырудың, сондай-ақ инклюзивті ортаны құруға ықпал етудің маңызды құралына айналуда.

Айта кетейік, Бочча – доппен ойнайтын спорттық ойын. Оған тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар қатысады. Аталған сайыс түрі 1984 жылы Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Қазақстанда алғаш рет 2018 жылы негізі қаланып, қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда бұл спорт мүгедектігі бар азаматтардың, әсіресе, балалар мен жастардың арасында үлкен қызығушылыққа ие.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар