Ақтөбе қаласында қызыл су салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Dalanews 17 сәу. 2017 02:33 1019

Ақтөбелік билік өкілдері мен ТЖД қызметкерлері қалада төтенше жағдай жариялады. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай 19 жылдан бері болмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қазіргі кезде 290 саяжай мен аула суға кетті. Бау-бақша ұжымындағы 5 үй құлап қалған. Барлығы 700-ден астам адам эвакуацияланып, құтқарылды. Олардың арасында балалар мен мүгедек адамдар да бар. Эвакуацияланған адамдарды уақытша қоныстандыру үшін 12 бекет жұмыс істер тұр. Орта мектептерде 200-ге жуық адам қоныстанды. Қалғандары тума-туыстарының үйіне кетті», – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі төтенше жағдай қызметкерлеріне жағдай ушығып кетпес үшін құтқару жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

– Қоғамдық тәртіпті қатаң түрде назарда ұстаңыздар. Дүние-мүліктерге күзет қойыңыздар - тонауға жол бермеңіздер. Келітірілген шығынды есептейтін арнайы комиссия құрыңыздар, – деді қала әкімі Ільяс Испанов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар