Ақтөбе облысында тікұшақ құлады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының аумағында тікұшақ қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түскен.
Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді.
"Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті ауыздықтады. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға туралы ақпарат нақтыланып жатыр.