Ақтөбе облысында пара алған шенеуніктерге миллиондаған айыппұл салынды

Сағыныш Сардарова 24 сәу. 2025 10:51 234

Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе қаласының № 2 соты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Шағалбаевқа және оның орынбасары Н.Досжановқа үкім шығарды.

28 қаңтарда олар дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға лицензияны кедергісіз бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 1 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Сот лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін, ал кәсіпкерді пара бергені үшін кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20-дан 35 млн теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар