Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін ұрлағандар әшкере болды

Сағыныш Сардарова 26 қар. 2025 09:18

Мұнай өнімдерін ұрлау мен контрабанда арналары әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарашада Ақтөбе облысында мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдардың әрекеті әшкереленді. Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.

Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінту барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ, атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді.

Тағы бір қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексеріліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңге тұратын 30 мың тоннадан аса жанармайды экспорттаған.

"Қазанда мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды. Анықталған барлық дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар