“Ақтөбе” футбол клубының иесі ауысты. Енді клуб Нұрлан Артықбаевқа тиесілі Qazaq Story Properties компаниясының меншігіне өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ГосАрхив мәліметінше, бұған дейін клуб Ақтөбе облысы әкімдігінің қаржы басқармасының иелігінде болған
“Қаржылық есепке сәйкес, клубтың 2024 жылдың соңындағы жабылмаған шығыны 383,2 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 683,3 миллион теңге болған”, - дейді дереккөз.
Сонымен қатар клубтың табысы артқан. 2023 жылы “Ақтөбе” клубының кірісі 3,84 миллиард теңге болса, 2024 жылы ол 5,68 миллиард теңгеге жеткен.
