Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратының шатырын қалпына келтіруге шамамен 90 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл қаражат төтенше жағдайлар резервінен бөлінбек.
Қалпына келтіру жұмыстарын арнайы компания жүргізеді.
Еске салайық, ірі өрт 7 сәуір күні кешке болған еді.
Сол кезде әкімдік ғимараты шатырының шамамен 300 шаршы метр аумағын өрт шарпыған.