Ақтауда неге көше шамдары жанбайды: тұрғындар дабыл қағып отыр

Сағыныш Сардарова 26 нау. 2026 10:16

Ақтау тұрғындары қалада түнгі уақытта көше шамдары жанбайтынына наразылық білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде видеолар жарияланды.

"15-шағынауданда жарық жоқ. Дала тұман", "Мынау - 18-шағынаудан, 18-мектеп. Тас қараңғы. Алдыңғы жылы арыз жазғаным бар еді. Ешқандай шара қолданылған жоқ, жасалынады деп еді. Жарық бағаналары тұр, бірақ жарық жоқ. 2023 жылдан бері осында тұрамыз. Осылай тас қараңғы", - деді тұрғындар.

Тағы бір тұрғын саябақтарда да жарық жоқ екенін айтқан.

"Қала шетіндегі Президент саябағы. Жарық жоқ. Жарық бағаналары тұр", - дейді видеода әйел адам.

Әкімдік өкілдері бұл жағдайға әзірге пікір білдірген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove