Ақтауда Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан мерзімді әскери қызметші Сержан Аяпберген жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сержанмен қоштасуға туыстары, достары, көршілері мен қала тұрғындары жиналды. 26 қыркүйекте таңертең Рауан тұрғын алабының кіреберісінде көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болған.

Сурет: Tengrinews.kz
20 жастағы Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам келген. Спортпен айналысқан жас сарбаз туған қаласы Ақтауда жерленді.