Ақтауда ер адам жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалды

Сағыныш Сардарова 02 нау. 2026 09:27

Ақтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кетті. Ер адам бір апта бойы көзге түспеген соң көршілері дабыл қаққан. Оның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы жергілікті Lada.kz басылымы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Таныстарының айтуынша, Андрей 12-шағынауданда жалғыз тұрған. Көршілері оны бір аптадан бері көрмегенін, пәтерінің терезелері екі жағынан да айқара ашық тұрғанын айтқан.

Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция шақырылған. Пәтер есігі ашылғанымен, иесі ішінен табылмады. Таныстарының бірі әдетте оның дүкенге барып жүргенін, үйіне адамдар келіп-кетіп тұратынын айтты. Кейінгі аптада пәтер маңында тыныштық орнаған. Оның бұл қалада туыстары жоқ, әпкесі Астраханьда тұрады.

Жоғалған ер адамның бойы - шамамен 170 сантиметр, шашы ашық түсті. Оның жүрген жері туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтар +7 705 144 2541 нөміріне (Юлия) хабарласа алады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove