Ақтауда әкімінің орынбасары болып тағайындалған шенеунік бір күннен кейін жұмыстан шығып кеткен

Көркем Алдабергенова 13 нау. 2025 12:30 973

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов бір күннен кейін жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Шопанов өз еркімен жұмыстан кеткен. 

Әсет Шопанов 3 наурызда әкімнің орынбасары болып тағайындалып, 4 наурызда өз еркімен жұмыстан кетті, делінген хабарламада. 

Еске салайық,2023 жылдың шілде айында Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, 15 тәулікке қамалған. Сонымен қатар сот оны жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырған. Алайда сол кезде облыстық басқарма басшысы қызметінде болған шенеунік тек қатаң сөгіспен шектелген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар