Ақсу ауданында атқарылған істер көп

Dalanews 13 сәу. 2018 06:37 835

Биыл Ақсу ауданында 34 үй қолданысқа беріледі. Мұнымен қоса екі мектеп күрделі жөндеуден өтіп, ауданда  үш шағын орталық және  спорт кешені салынбақ. Бұл жайында Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында айтылды. Өткен жылды қорытындылаған Алматы облысы Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаев сонымен қатар үстіміздегі жылдың тың жоба-жоспарларымен де бөлісті.



Өңір  басшысы 2017 жылда атқарылған жұмыстарды да шолып өтті. Ақсу ауданында өнеркәсіп саласында 4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, өткен жыл аталмыш салада қант зауытының қайта іске қосылуымен есте қалды. 10 жылдан кейін өз жұмысын қайта бастаған зауыт 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып, қант қабылдау пунктіне 80 мың тонна қызылша қабылдаған. Ал, биыл зауыт жаңартудан өткен соң 120 мың тонна тәтті түбір өндіруді жоспарлап отыр.

Ит жылында атқарылған шаруа бұл ғана емес, облыстық маңызы бар жолдары бойынша өткен жылы «Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан шипажайы» жолында 48-77 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле басталды, биылғы жылы осы жұмыстар толығымен аяқталады.

– Аудан көлемінде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2013 жылдан «Туған жерге туыңды тік!» акциясын жұртшылықтың қолдауымен бастап, ауданнан шыққан кәсіпкер, туған ауылы үшін өз үлесін қосқан азаматтардың арқасында Жансүгіров, Матай ауылдарында әлеуметтік нысандар мен ауылдағы тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 8 отбасын пәтермен қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және де басқа  біршама  игі жұмыстар жасалды. Жалпы, 2018 жылды қоса есептегенде төрт жыл ішінде аудан көлемінде 56 үй салынды, – дейді аудан әкімі Әділбек Егеубекұлы.



Елімізде Елбасының бастамасымен соңғы кездері көтеріліп жатқан мәселе – ауылдардағы өзін-өзі қамтып отырған жеке шаруаларды біріктіріп, сүт, ет өндіру бағытында ірі ауылшаруашылық кооперативтерін құру. Осы мақсатта ауданда барлығы 5 кооператив құрылды. Етті бағытта 1, сүтті бағытта 3, биязы жүнді қойдың жүнін дайындайтын 1 кооператив жұмыс істеуде.

Алдағы 2019 жылы Жансүгіров ауылында 20 миллион теңгеге  І.Жансүгіровтің  ескерткішін  орнату және демеушілердің көмегімен 15 миллион теңгеге Қаракөз ауылдық клубының ғимаратын салу жоспарланып  отыр.

Жалпы аудан бойынша жеке меншік есебінен салынған тұрғын үйлер көлемі 2017 жылы 2024 шаршы метріді құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 104,9 пайызға баспасөз-мәслихатында айтылды. Айталық, Тарас ауылындағы негізгі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар жаңадан білім ошағына жапсарлас дене шынықтыру залы салынған. Ал Қаракөз ауылындағы жаңадан 120 орындық мектеп 25 орындық мектепке дейінгі шағын орталықты салуға 655 млн. теңге жоспарлануда. Осы ретте құрылысқа қажеттің қаражаттың 50 млн. теңгесі 2017 жылы бөлінсе, қалған  605 млн. теңге биыл бөлініп, орталықтың жұмысын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Сол сияқты Құрақсу ауылындағы негізгі орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 103 млн. 802 мың теңге қаражат бөлініп, ағымды жылдың тамыз айында нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Осы жылы аудан орталығында 180 көрермен сиятын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары басталады. Бұл жұмыстардың мерзімі екі жылға жоспарланғандықтан, оған биыл  300 млн. теңге бөлінген. Жалпы құрылыстың құны 754 млн. теңгеге бағаланған.

Жансүгіров ауылындағы өртенген үй тұрғындарына арналған  14 жеке тұрғын үйлердің құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда барлық 14 үйдің ірге тасы қабырғалары қаланды. Бүгінгі күнге жылу жүйелерін орнату, ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылға арналған облыстық бюджеттің шұғыл шығындарға ескерілген облыстық жергілікті атқарушы органның резервінен осы 14  жеке осы тұрғын  үйлерді  жобалауға, салуға бастапқы 31 млн. теңге бөлініп толығымен игеріліпті. Ал 2018 жылға 203 млн. 698 мың  теңге қаражат бөлініп отыр. Биыл Жансүгіров ауылында 20 жеке тұрғын үй инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен салу үшін 140 млн. теңге қаражат бөлінген.

Айта кетейік, аудандағы  куанышты хабардың бірі былтырғы жылы Қызылағаш су қоймасының жаңа нысан құрылысының басталғаны болатын. Ащыбұлақ ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 151,6 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілген.

Сондықтан дааудан әлеуметтік-экономикалық дамуына зор септігін тигізетін игі іс-шаралар, жылма-жыл өнімін көбейтетін кәсіпорындар, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту шараларына әрқашан үлкен мән бермек.

Балжан ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Алматы облысы

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар