АҚШ Иран элитасына қарсы қысымды күшейтті: мыңдаған виза жойылуы мүмкін

Самал Асқар 07 сәу. 2026 14:23

АҚШ-та Дональд Трамп әкімшілігі Иран азаматтарына қатысты қатаң шараларды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Dala News.

Жаңа саясат аясында 3–4 мыңға дейін визаны қайтарып алу жоспарлануда.

Мәліметтерге сәйкес, бұл шаралар негізінен Иранның саяси және экономикалық элитасына бағытталған. Вашингтон мұны ұлттық қауіпсіздік және соғыс жағдайындағы қысымды күшейту қажеттілігімен түсіндіреді.

Бұған дейін Марко Рубио бірнеше ирандыққа берілген визалар мен «грин-карталарды» жойған. Олардың қатарында Иран билігімен байланысы бар тұлғалар болған, кейбірі ұсталып, депортациялануда.

Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам АҚШ-тың Иранға қарсы «қысым максимум» саясатының бір бөлігі. Сонымен қатар, соңғы уақытта жүз мыңнан астам виза қайта қаралып, бақылау күшейгені айтылып отыр.

Бұл шаралар АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс пен әскери қақтығыс фонында қабылданып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove