АҚШ Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 млн долларға сатты

Көркем Алдабергенова 15 қаң. 2026 17:30

АҚШ Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 млн долларға сатып үлгерді. Бұл туралы CNN Ақ үй өкіліне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.

Оның айтуынша, алдағы күндер мен апталарда жаңа келісімдер жасалуы күтіліп отыр.

The New York Times дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ Энергетика министрлігі желтоқсан айында Вашингтон Венесуэла жағалауындағы санкцияға ілінген барлық танкерлерге блокада енгізгеннен кейін сұраныссыз қалған 50 млн баррель венесуэла мұнайын сату жұмыстарын үйлестіріп жатыр.

«Алғашқы сату жүзеге асты, әрі сатылымдар шектеусіз уақытқа дейін жалғасады», - деді министрлік өкілі басылымға.

АҚШ-тың Венесуэлаға шабуыл жасап, президент Николас Мадуроны тұтқындап, АҚШ-қа әкеткенінен кейін америкалық көшбасшы Дональд Трамп елдің орасан зор мұнай қорын пайдалануды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол америкалық мұнай компаниялары Венесуэланың энергетика секторын қалпына келтіруге кемінде 100 млрд доллар инвестиция салатынын айтқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove