Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қыркүйек айының басында Мәскеудегі ММХҚИ университетінің студенттерімен кездесу барысында көпшілік “Орта дәліз” деп атап кеткен Транскаспий халықаралық көлік жолына, яғни Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Түркия, сондай-ақ Шығыс Еуропа арқылы Еуропалық одақпен байланыстыратын теміржол контейнерлік жүк тасымалдау желісіне АҚШ-пен қатар, басқа да “сыртқы ойыншылар көп көңіл бөле бастағанын” атап өтті. Лавровтың сөзінше, АҚШ-тың Орталық Азияның экономикалық болашағына көз тастауы Ресейдің дамуын айтарлықтай тежейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Лавров Ресей Орталық Азия елдерімен экономикалық және стратегиялық тұрғыдан бірнеше келісім орнатқанын, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен “жылы және одақтастық” қарым-қатынаста екенін жеткізді. Сонымен қатар ол “Ресей ешбір елдің басқа серіктестерімен тығыз байланыс орнатуына кедергі жасай алмайды” деп қосты.
Лавровтвң сөзінше, Орталық Азияға көз тастаған америкалық шенеуніктердің жоспарында қандай да бір есеп бар.
“Орталық Азиядағы серіктестеріміз бен одақтастарымыз Батыспен қарым-қатынасын нығайтқан кезде, Батыс өзінің игі әрі ашық мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, Ресей Федерациясының ондағы ықпалына кедергі келтіретіні айқын. Оған еш күмәнім жоқ”, – деді ол.
Орталық Азиямен сауда кедергілерін азайтып, кедендік мәселені жеңілдету үшін АҚШ Батыстың инвестициясын ілгерілететін B5+1 жүйесі арқылы әрекет етеді. Жақында Орталық Азия елдері сауданы дамытуға байланысты бірнеше келісімге қол қойды, ал АҚШ кейбір елдерге инфрақұрылымын жаңартуға көмектесті.
“Тамыз айында АҚШ шекаралық жүйені тиімдірек ету үшін Қазақстанның Кеден қызметіне Dell Technologies Inc. серверлерін ұсынды. Инновациялық технологияларды қабылдау кез келген істі оңтайландырады, дәлдікті арттырады, бизнеске қолайлы ортаны қалыптастырады, инвесторларды тартуға және экономикалық өсуге мүмкіндік береді”, - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм өз мәлімдемесінде.
Ал Украинадағы соғыс Кремльдің Орталық Азия мемлекеттерімен мүмкіндігін азайтты. Ресей өңір мемлекеттерімен батыс санкцияларын айналып өту үшін пайдалануда, яғни соғысқа қажетті тауарларды алу үшін жасырын саудаға тәуелді. Ал Қытай Ресейге қос мақсатты технологияларды жеткізуде және Орталық Азия елдерінің жетекші сауда серіктесі ретінде Ресейді басып озды. Лавров өз сөзінде Қытайды “сенімді серіктесі” деп атады.