АҚШ тарапымен келіссөзден кейін Зеленский маңызды мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 08 жел. 2025 11:02

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропамен және АҚШ-пен жаңа келіссөздердің негізгі тақырыбы елдің қорғаныс қабілеті мен ұзақ мерзімді қаржыландыру мәселелері болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зеленскийдің айтуынша, алдағы күндері Еуропа елдерінің басшыларымен бірқатар консультациялар өтеді.

Президент негізгі басымдықтарды атады:

  • Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері;
  • төзімділікті қолдау шаралары;
  • қорғанысқа арналған қаржылай пакеттер;
  • ең бастысы - әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және ұзақ мерзімді қаржыландыру.

«Біз ортақ көзқарас пен келіссөздердегі ортақ ұстанымдарды талқылаймыз», - деді Зеленский.

АҚШ-пен келіссөздердің жалғасы

Украина президенті соңғы күндері Киев өкілдері АҚШ президентінің елшілерімен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл бағыттағы жұмыс енді Еуропада жалғасады.

«Қазір Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров пен Бас штаб бастығы Андрей Гнатов Еуропаға жол тартты. Олар маған Мәскеуде америкалық делегацияға айтылған мәліметтің толық мазмұнын жеткізеді. Сондай-ақ АҚШ бізбен және Ресеймен келіссөздер жүргізуде қандай тұстарды өзгертуге дайын екенін баяндайды», - деді.

«Күрделі, бірақ мағыналы әңгіме»

Зеленский америкалық бизнес өкілдері Стивен Виткофф және Джаред Кушнермен сөйлескенін атап өтті. Оның айтуынша, тараптар кең ауқымды ынтымақтастыққа әзір.

«Кейбір мәселелерді тек бетпе-бет талқылауға болады. Сол үшін Умеров пен Гнатов барлық ақпаратты жеткізеді, ал мен Лондон мен Брюсселде Еуропа басшыларымен келіссөздер жүргіземін», - деді Украина президенті.

Алдағы аптада Украина үшін маңызды халықаралық кездесу трибунасына айналғалы тұр: Киев Батыспен жаңа қорғаныс келісімдерін рәсімдеуді жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар