АҚШ-қа тікелей рейстер ашу: Тоқаев Питер Фостермен маңызды мәселені талқылады

Сағыныш Сардарова 23 ақп. 2026 15:07

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуына Питер Фостер елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ, осы рейстерді орындау үшін алыс қашыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove