АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін: келіссөздер қалай жүріп жатыр?

Көркем Алдабергенова 06 сәу. 2026 09:12

АҚШ, Иран және бірқатар өңірлік делдал елдер ықтимал 45 күндік атысты тоқтату келісімін талқылап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл бастама қақтығысты толық аяқтауға жол ашуы мүмкін, деп жазады Axios басылымы дереккөздерге сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, келіссөздер Пәкістан, Мысыр және Түркия елдерінің делдалдығымен өтіп жатыр. Сонымен қатар, байланыс АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи арасында мәтіндік хабарламалар арқылы да жүргізіліп жатыр.

Алайда дереккөздердің айтуынша, алдағы 48 сағат ішінде ішінара келісімге қол жеткізу ықтималдығы төмен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove