АҚШ Кубадағы америкалық катерге қатысты оқиғаны тексеріп жатыр

Қаракөз Амантай 26 ақп. 2026 09:55

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Кубада америкалық катерге қатысты болған оқиға жан-жақты тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ үкіметінің түрлі өкілі әзірге толық анықталмаған жайттарды нақтылаумен айналысып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Рубио Вашингтон бұл мәселеде тек Куба билігі ұсынған ақпаратпен шектелмейтінін атап өтті.

"Қазір аталған іс бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Журналистердің оқиға АҚШ үкіметімен байланысты болуы мүмкін бе деген сауалына Марко Рубио қысқа қайырып, "Жоқ" деп жауап берді.

Айта кетейік, Куба билігінің мәліметінше, елдің аумағына кірген америкалық катердің бортында АҚШ-та тұруға рұқсаты бар кубалықтар болған. Олардың жанынан шабуылдаушы винтовкалар, қол гранаталары және өзге де қару түрлері табылғаны хабарланды. Барлығы алты адам ұсталған. Олардың екеуі Куба аумағында немесе өзге елдерде террористік әрекеттерді ұйымдастыруға, қаржыландыруға не қолдауға қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған.

Алдын ала дерек бойынша, 26 ақпанға қараған түні Кубаның шекара қызметі елдің аумағына заңсыз кірген АҚШ-тың азаматтық катеріне жауап ретінде оқ атқан. Салдарынан төрт адам қаза тауып, алтауы жараланған. Куба тарапы катер жолаушылары аралға террористік мақсатпен өтпек болған деп мәлімдеп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove