АҚШ дипломаты Путинге ескерту жасады

Dalanews 25 сәу. 2022 07:05 862

АҚШ Украина мен Ресейдің арасындағы соғыс кезінде амалы таусылған Путин ядролық қаруды қолдануы мүмкін екенін алға тартуда. Бұл жайында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд «Европейской правда» газетіне берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Біз Путинді жақсы білеміз. Ол асқан қатыгез әскери қылмысты жасауға бұйрық берді. Демек, біздер бұл соғыста Путин соңы үлкен алпатқа әкелетін қаруды орыс әскеріне қолдануға рұқсат беруі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұған дайын болуымыз керек, – деді Виктория Нуланд.

Өз кезегінде американдық дипломат АҚШ пен НАТО-ға мүше елдер Ресей президенті Владимир Путинге егер соғыс барысында ядролық қару қолданса оны қасіретін Украина мен өзге елдерден бөлек Ресей мен Путин билігі үшін де ауыр болатынын айтып, ескерту жасағандарын жеткізді.


– Егер мұндай ауыр қасірет орын алатын болса, біздер Украинаны жалғыз қалдырмаймыз. Қазірдің өзінде әлем елдері Путинді Украинаға қарсы жасаған әскери қылмысы айтып жатыр Егер ол жағдай ушықтырып, ядролық қару қолданатын болса, қақтығыс жаңа кезеңге көтерілетін болады, – деп Виктория Нуланд ресми Мәскеуге ескерту жасады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар