АҚШ әлемдік соғысқа дайындалып жатыр - журналист

Көркем Алдабергенова 08 қаң. 2026 14:11

АҚШ президенті Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыру туралы шешімі елдің әлемдік соғысқа дайындалып жатыр деген сөз. Бұл туралы америкалық журналист Такер Карлсон мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мұндай көлемдегі қорғаныс бюджеті әдетте жаһандық немесе өңірлік соғысқа дайындалып жатқан мемлекеттерге тән. Айқын көрініп тұрғаны - біз осы бағытта, яғни әлемдік соғысқа қарай бет алып барамыз", - деді Карлсон өз авторлық бағдарламасында.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың энергетика министрі Крис Райт Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға қатысты теңіз блокадасын алып тастауды, алайда оның мұнай экспортын бақылауға алуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар