АҚШ Таяу Шығысқа әскери күштерін шоғырландырып жатыр

АҚШ Таяу Шығысқа әскери күштерін шоғырландырып жатыр
U.S Navy via Getty images

АҚШ әскери-әуе күштері Иранға қарсы соққыларын күшейту аясында соңғы күндері Таяу Шығысқа қосымша 20-дан астам жойғыш ұшақ орналастырды. Бұл туралы Itamilradar порталы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес, аймақтағы әскери базаларға Ұлыбританиядағы Лейкенхит, Италиядағы Авиано және Германиядағы Шпангдалем әуе базаларынан жойғыш ұшақтар жеткізілген.

Itamilradar дерегінше, өңірге кемінде тоғыз бесінші буындағы F-35A стелс-жойғышы, алты F-15E және жеті F-16 жойғыш ұшағы жіберілген. Оның ішінде F-16 ұшақтары Иорданиядағы Муваффак Салти әуе базасына қонған.

АҚШ-тың бұл қадамы Вашингтонның Иранға қатысты әскери операцияларын күшейтуімен тұспа-тұс келіп отыр.