АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі STEM бағытында, яғни ғылым, технология, инженерия және математика салаларында мамандар даярлауға 100 млн доллардан аса қаржы бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Bloomberg мәліметінше, қаржы америкалық зерттеушілерге арналған білім беру бағдарламаларына, соның ішінде аспирантура мен жас ғалымдарды даярлауға бағытталады.
Сонымен қатар, 1996 жылы жабылған АҚШ Ұлттық ғылыми қорының жас зерттеушілерге арналған бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланған. Оған бюджеттен 30 млн доллар, ал жеке көздерден тағы 50 млн доллар бөлінбек.
Жобаның мақсаты - АҚШ азаматтары арасындағы жоғары білікті ғылыми зерттеушілер санын арттырып, елдің ғылыми жаңалықтар саласындағы көшбасшылығын сақтап қалу.