АҚШ Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдауға арналған теңіз дәлізін жасырын түрде құрған. Бұл туралы дереккөздер мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Америкалық әскерилер мұнай тиелген танкерлер бұғаз арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп отыр. Қазір оңтүстік арна арқылы күн сайын миллиондаған баррель мұнай тасымалданады.
"Біз Ормуз бұғазының оңтүстік арнасын екі айдан бері бақылап келеміз. Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы қиындық туғызуы мүмкін, бірақ олар бұғазды бақыламайды. Оны біз бақылап отырмыз", - деген америкалық шенеуніктердің бірі дереккөзге.