Freedom Inside '26

АҚШ Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққы жасай бастады

АҚШ Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққы жасай бастады
modern.az

АҚШ Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққы жасай бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

АҚШ Орталық қолбасшылығы мәліметінше, бұл операция бас қолбасшының тапсырмасымен жүргізіліп жатыр. Ведомство бұл әрекеттерді өзін-өзі қорғау мақсатында жасалған соққылар деп атады.

"Соққылар Иранның негізсіз әрі жалғасып жатқан агрессиясына жауап ретінде жүзеге асырылып жатыр", – деп мәлімдеді қолбасшылық.

Axios мәліметінше, Вашингтон бұл қадам арқылы Тегеранға қысым жасап, белгілі бір келісімге қол қоюға көндіруді көздейді. Алайда сарапшылар мұндай әрекеттер әскери қақтығыстың ушығу қаупін де арттыратынын айтып отыр.

АҚШ билігі де Иран тарапынан жауап болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.