Ақордаға жақын журналист тағы да сынның астында қалды

Сағыныш Сардарова 23 қаң. 2026 11:35

Әлеуметтік желіде President жобасының журналисі Әділ Балтабаев тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

21 қаңтарда Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. Комиссия құрамында журналист Әділ Балтабаев та бар.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамына кірдім", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Алайда оның бұл жаңалығы желі қолданушыларына жақпай қалды. Өйткені сынап жатқандар да бар.

Дегенмен оның жақсы журналист екенін айтып, араша түскендер де табылған:

"Жеке таныс емеспін. Бірақ маңызды шаралардан жақсы репортаж жасап жүрген журналист. Білер-білмес мысқылдау жақсы нәрсе емес", "Бұл жігіттің Президенттің қызметі жөнінде жасап жүрген репортаждары, өзін ұстауы ұнайды! Бірнеше тілді меңгерген, сауатты сияқты көрінді".

Айта кетейік, бұған дейін Әділ Балтабаев пен танымал продюсер, актер Нұрлан Қоянбаевтың арасында дау шығып, бұл жайт қызу талқыға түсті. Бұл дау туралы толығырақ жазған едік.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove