Әлеуметтік желіде President жобасының журналисі Әділ Балтабаев пен танымал продюсер, актер Нұрлан Қоянбаевтың арасында дау шығып, бұл жайт қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Даудың басы Threads-тен басталды
Расында, даудың басы журналист Әділ Балтабаевтың екі күн бұрын Threads желісінде жазған мына жазбасынан басталды:
"Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы ойын қызу талқыланып жатқан шақта Әділ Балтабаев та өз пікірін білдірмек болып, "Қайраттың" ойыншыларына қолдау керек екенін жазған. Осылайша сөз арасында Нұрлан Қоянбаевтың есімі аталған. Ал Нұрлан Қоянбаев бұған дейін "Қайрат" ойыншылары ертең Луи Витон сөмкелерімен келіңдер,ескі болсын,"женский" болсын..." деген еді.
Нұрлан Қоянбаевтың реакциясы
Продюсер бұл пікірге үнсіз қалмаған, желіде жауап қатқан.
"Балтабаев Президенттің жанында жүріп құтырып кетіпсіз ғой. Қоянбаев емес, хотя бы Нұрлан Қоянбаев деп жазбайсыз ба? Патриот болсаңыз қазақша жазып жібермедіңіз бе?" - деді ол.
Халықтың пікірі
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған: бірі Әділ Балтабаевтың бұл мәлімдемесі орынсыз болғанын айтса, енді бірі оның кәсіби журналист екенін айтып, араша түскен. Тіпті оны бұған дейін ел аузында жүрген Мәди Ахметпен (Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған экс-депутат - еск.) салыстырғандар да табылған.
"Нұрлан Қоянбаев патриот ретінде сізге қарағанда көп нәрсе істеді", "Балтабаев сен посттар жазып жатқанда Нұрлан Қоянбаев еліміз үшін көп нәрсе істеді", "Қоянбаевқа тиіспеңдер, ол - нағыз футбол жанкүйері, нағыз патриот", "Достар, Әділ керемет жобалар жасап жатқанын ұмытпайық. Оның жұмысының арқасында жақсы түсініп жатырмыз", - деді олар.