Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген жүк көліктері аударылып қалды

Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген жүк көліктері аударылып қалды
видео кадры

Ақмола облысында он бес жаңа көлік тиелген екі жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жол апаты 13 қарашада  Астана - Атбасар - Жақсы тасжолының 131-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізушілер - шетел азаматтары. Олар Қорғастан Ресей Федерациясына он бес жаңа көлікті апара жатқан. Қозғалыс кезінде жолда пайда болған мұзға байланысты бірінші көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.

Салдарынан бірнеше тонналық жүк көліктері жолдан шығып, аударылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Көліктердің бірінің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.