Ақмола облысының Ақкөл ауданында қайғылы оқиға болды. Мас күйде болған әйел сәбиін емізіп отырып ұйықтап қалған. Оянған кезде баласының мерт болғанын байқаған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға орнына келген дәрігерлер нәрестенің тұншығу салдарынан көз жұмғанын анықтаған. Сот әйелді кінәлі деп таныды. Үкім шығару кезінде оның мас күйде болғаны жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде ескерілсе, жасаған ісіне өкінуі жеңілдететін жағдай ретінде бағаланды.
Сот шешімімен әйелге 1 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.