Ақмола облысының Макинск қаласында 18 жастағы жігітке пышақпен шабуыл жасалды. Күдікті ретінде оның бұрынғы сыныптасы ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 сәуір күні Макинск қаласындағы медициналық мекемеге пышақ жарақаттарын алған 18 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілген.
Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары жәбірленушінің бұрынғы сыныптасын қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
