Ақмола облысында ТКШ бөлімінің басшысы жер телімдерін заңсыз таратқан

Қаракөз Амантай 27 ақп. 2025 15:45 341

Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Қосшы қаласында құны 47,6 миллион теңге болатын жер телімінің заңсыз бөлінгенін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы маусымда Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сарқырама өзені бойындағы жағажайды 5 жылға жергілікті кәсіпкердің сенімгерлік басқаруына берген.

Алайда ТКШ бөлімі бұл жер учаскесін пайдалануға және иелік етуге құқылы болмаған.

Осылайша, бөлім басшысы негізсіз келісімшарт жасап, жер телімін заңсыз басқаруға берген.

Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес, заңсыз жасалған келісімшарттың күші жойылып, қала әкімінің өкімімен бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

Бұдан бөлек, прокуратура қызметкерлері Сарқырама өзені бойында көпірлер мен қоршаулар орнату арқылы мемлекеттік жер телімдерінің заңсыз басып алынғанынанықтады. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар