Ақмола облысында су тасқыны кезінде ер адам жоғалып кетті

Сағыныш Сардарова 07 сәу. 2026 16:24

Ақмола облысындағы Старый Колутон ауылы өзен тасуына байланысты сырт әлемнен оқшауланып қалды. Су тасқыны кезінде елді мекенде жергілікті тұрғын жоғалып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта ауыл сумен қоршалғаны айтылған. Тұрғындардың сөзінше, өткелдің және қалыпты жолдар жоқтығы жұмысқа қатынауға, сондай-ақ, азық-түлік пен дәрі-дәрмек алуға кедергі келтіріп отыр.

Осы жағдай кезінде бір ер адам жоғалғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша ол таңертең жұмысқа кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған.

Ақмола облыстық Полиция департаменті оның жоғалуына байланысты соталды тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам үйден шығып кеткені анықталған. Полицияға оның ағасы жүгінген. Қазір оны табуға бағытталған іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарына қайықпен жұмыс істейтін екі сүңгуір тобы тартылғанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove