Ақмола облысында пайдасыз жатқан жерлер қайтарылды

Көркем Алдабергенова 29 қаз. 2024 11:08 1404

Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде мемлекетке пайдаланылмайтын жер учаскелерi қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қыркүйек айындағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін кейіннен адал пайдаланушыларға беру үшін мемлекет меншігіне қайтару тапсырылды.

Ерейментау ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізілуде.

Ағымдағы жылы қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 млн теңгені құраған, жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайтын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды.


Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңгені құрайтын ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар