Ақмола облысында бір мектеп 78 млн теңгеге шатыр жөндемек болған

Сағыныш Сардарова 20 нау. 2025 13:31 1842

Ақмола облысында прокуратура 78 млн теңге сомасына мемлекет қаражаты заңсыз жұмсалуына жол бермеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаланың білім беру мекемесі 78 млн теңге сомасына бюджет қаражаты есебінен шатырды жөндеуді жоспарлаған. Алайда қала прокуратурасы мектеп ғимаратының бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады.

"Сәйкесінше жөндеу жұмыстары мердігер есебінен жүргізілуге тиіс. Прокуратура енгізген қадағалау актінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды", - деп жазылған хабарламада.

Кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды.  

"Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар