"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында Ақмола облысының прокуратурасы балықшылар мен аңшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокуратура мәліметінше, аңшылық пен балық аулаудың заңдылығы, браконьерлікке жол бермеу және табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселелеріне басты назар аударылады.

"2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге шамамен 400 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркелді", - делінген ведомство таратқан мәлімдемеде.

Ақмола облысының прокуратурасы аңшылар мен балықшыларды заң талаптарын қатаң сақтауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырады.
#заң_мен_тәртіп
