Ақмола облысында 200 келі жарылғыш зат тәркіленді

Ақмола облысында 200 келі жарылғыш зат тәркіленді
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақмола облысында 200 келі жарылғыш зат тәркіленді

Ақмола облысында 200 келі жарылғыш зат тәркіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізген іс-шаралар барысында 200 келі аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасы), сондай-ақ, 200 дана жарылғыш капсуласы бар детонациялық сымдар тәркіленді.

Алдын ала мәліметке сәйкес бұл заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдаланылған.

"Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.