Энергетика министрлігі Қазақстан мұнайының Ресей аумағы арқылы транзиті тоқтағанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов бейресми деректерге сүйене отырып, мамыр айына Атырау–Самара мұнай құбыры арқылы, әрі қарай Дружба мұнай құбыры желісімен Шведт мұнай өңдеу зауыты бағытына жеткізілімдер нөлге тең екенін айтты.
Министрдің сөзінше, ресейлік тарап техникалық мүмкіндік жоқ екенін алға тартқан. Оның пайымдауынша, бұл жағдай Ресейдегі инфрақұрылымға жасалған соңғы соққылармен байланысты болуы мүмкін.
«Бейресми ақпаратқа сүйенсек, бұл рас. Мамыр айында Атырау–Самара бағытымен әрі қарай “Дружба” арқылы Шведт зауытына жеткізілім жоқ. Ресей тарапы мұнай айдауға техникалық мүмкіндік жоқ екенін айтып отыр. Бұл, мүмкін, инфрақұрылымға жасалған соңғы соққылармен байланысты», өдеді министр Астанада өткен экологиялық саммит кулуарында.
Агенттік мәліметінше, жаңартылған жеткізу кестесі Қазақстан мен Германияға жіберілген. Дереккөздер бұл ақпаратты жасырын түрде растаған.
