Бұл суыт хабарды Facebook әлеуметтік желісінде Жанар Жандосова хабарлады.
[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]"2024 жылдың 14-қаңтарында 89-ға қараған шағында ақын Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы, қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың жұбайы, дарынды ұстаз, қайсар әйел Ильфа Ілиясқызы Жандосова-Жансүгірова өмірден озды.
Ильфа Ілиясқызы 1935 жылы 29 мамырда Алматыда туған, бірақ 1937 жылы, небары 2 жасынан бастап, "халық жауы отбасының" мүшесі ретінде астанадан аластатылып, бүкіл Қазақстан даласын аралап, көшіп кетуге мәжбүр болды, соғыс жылдарында Жамбыл облысының Меркі ауылында тұрақтады. Тек 1950-жылдардың басында ғана Алматыға қайта оралған Ильфа Жансүгірова Шет тілдері институтына оқуға түседі, оны бітірген соң Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық институтта, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институында неміс тілі пәнінің оқытушысы болып, ҚазССР Педагогикалық қоғамының Ғалым хатшысы, сонымен қатар ҚазССР Ғылым академиясының шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.
1958 жылы Ильфа Ілиясқызы Санжар Оразұлы Жандосовқа тұрмысқа шығады, екеуі бес баланы өсірді. Ильфа Жандосова тек батыр ана, жоғары білікті ұстаз ғана емес, 34 жыл ғұмырын бірге өткізген өмірлік қосағы, 1992 жылы қайғылы қазаға ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткері С.Жандосовтың сенімді серігі де бола білді. 1999 жылы ол Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорын құрып, оның жұмысын өзі басқарды. Қор Ілияс пен Фатима Ғабитованың шығармашылық мұрасын жинақтап, зерделеп, аударып, басып шығарды, мектептер мен музейлерге қамқорлық көрсетіп отырды. И.Жандосова-Жансүгірова "Тағдырымның іздері" атты естеліктер жинағын шығарды. Өмірінің соңғы сағаттарына дейін Ильфа Ілиясқызы Қазақстандағы азаматтық қозғалыстар мен олардың белсенділерін қолдаумен өтті.
Қымбатты жақын-жұрағат, дос-жаран, анамыз Ильфа Ілиясқызының көзін көрген барша қауым. Қонақасы дастарханы 16 қаңтар, сағат 18.00-де "Жұлдыз" мейрамханасында жайылады. Қоштасу (шығару) 17 қаңтар, сағат 10.00-де үйде (Шевченко к-сі, 5 үй, 5 пәтерде, ас намазы сол күні, сағат 12.00-де "Жұлдыз" мейрамханасында оқылады. [/perfectpullquote]
Айта кетейік, Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны саналады.