Ақын есімі – ел есінде

Dalanews 24 там. 2018 03:38 1182

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында «Ақын есімі - ел есінде» атты поэтикалық кеш ұйымдастырды .

Шарада өлкетану бөлімінің кітапханашысы Көшербайқызы Ақниет ақынның өмір мен тың туындыларын және шығармалары туралы мәлімет берді. Шара барысында ақынның қаламынан туған «Афина мектебі», «Соны сұхбаттар», «Соғыстың соңғы жазы» «Ақтөбе кітапханасы» сериясының он бесінші томындағы Өтежан Нұрғалиевтің өлеңдері жинақталған кітап туралы және Айқын газетінің №112, 2018 жылы жарияланған «Өрмінезді Өтағаң» мақаласында Өтежан Нұрғалиевтің туғанына 80 жыл толатынын соған орай, ақындар Байбота Қошым-Ноғай, Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желілерде ақынның өлеңдерімен балладаларын және ақын туралы естеліктерді жариялап отыру жайында    айтып өтті. Және де «Аңыз адам» журналының №17, 2017 жылы жарияланған ақын туралы деректер, әпкесінен алынған сұхбаттары айтылды. Өтежан Нұрғалиев өмірдің турашылдығын, ащы шындығын еш жасырмастан, қорықпастан айтуы оның еліне, жеріне деген адалдығынан. Осындай тура мінезділігінен барлық сыйдан атақпен даңқтан қағылды.

Алайда халық оны қолдап, халқының қошеметіне ілтипатына ие болды. Ақынның жақын достарының бірі Сәбит Досанов «Өтежан қазақтың өте сирек қайталанатын, талантты ақындарының бірі еді. Біз Өтекең екеуміз талай сапарларға бірге шықтық. Қостанайда, одан Ақтөбенің Байғанин ауданында болатынбыз. Әдебиетке әркім әр түрлі келеді ғой, біреу жайлап, біртіндеп келеді, біреу бет қаратпай екпіндеп келеді. Ал Өтежан әдебиетке бірден қалыптасқан ақын болып келді.Өтекең өзі мінезі кейде шәлкем-шалыстау, асаулау ақын болатын» деп еске алады.

Шара барысында Сұлтанбекова Лаура мен Зейнекен Аяулым ақын Өтежан Нұрғалиевтің «Мен туған жер», «Үй сыртында жар бар-ды» өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар «Ақын есімі-ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, қөрмеге ақынның қаламынан туған «Афина мектебі», «Соны сұхбаттар», «Соғыстың соңғы жазы» «Ақтөбе кітапханасы» сериясының он бесінші томындағы Өтежан Нұрғалиевтің өлеңдері жинақталған кітабы, баспасөзде жарияланған ақын туралы естеліктер, деректер, журналдарқойылды.

Сондай-ақ «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында кітапханада жыл басынан бері ақын Өтежан Нұрғалиевке түрлі шаралар, жылжымалы кітап көрмелері, тақырыптық кештер өткізіліп келе жатыр.

Алдағы уақытта да осы сезімтал, өр мінезді, турашыл, тумысы бөлек өлең сүйер қауымның сүйікті ақындарының бірі, халқымыздың біртуар перзеттерінің бірі Өтежан Нұрғалиевтің  шығармаларын бірігіп оқуға шақырамыз!

Ақниет Көшербайқызы, С.Жиенбаев атындағы

облыстық  жасөспірімдер ітапханасының кітапханашысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар