Ақ жол» партиясы Құрылтайға баратын 8 депутатын анықтады

Ақ жол» партиясы Құрылтайға баратын 8 депутатын анықтады
akzhol.kz

«Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтайдағы сегіз депутаттық мандатты партиялық тізімдегі кандидаттар арасында бөлді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Партияның Саяси кеңесі Президиумының шешімімен Құрылтайда «Ақ жол» атынан өкілдік ететін сегіз депутат бекітілді. Олар: Дәурен Ахметжаев, Бақтыбек Бибаев, Дания Еспаева, Асылхан Қожахметов, Юрий Ли, Олжас Нұралдинов, Мейраш Шынасилова және Ермекқали Юсупов.

Шешім Орталық сайлау комиссиясының 25 тамыздағы №48/84 қаулысына сәйкес қабылданған.

Сайлаудың қорытындысы бойынша «Ақ жол» партиясы 478 083 дауыс немесе 5,21% жинап, Құрылтайдан сегіз мандат алған.

Партияның мәліметінше, бекітілген кандидаттар жаңа бірпалаталы Құрылтайда «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасы мен сайлаушылардың мүддесін білдіретін болады.