Freedom Inside '26

Апта басында теңге долларға шаққанда аздап нығайды

Апта басында теңге долларға шаққанда аздап нығайды
gov.kz

Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, аптаның алғашқы күнінде теңге бағамы долларға қатысты сәл күшейді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Дүйсенбі күнгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 484,78 теңгені құрады. Осылайша ұлттық валюта жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 2,6 теңгеге нығайды.

Еске салсақ, жұма күні доллар бағамы 487,44 теңге деңгейінде болған еді.