AppStore жүйесінде Мухоряповтың қосымшалары құлдырап, рейтингісін жоғалтуда

Dalanews 23 қаз. 2022 09:25 1193

«Орыс тілін біле тұра, қазақ тіліне сөйлеу – мәдениетсіздіктің белгісі» деп жаңалық ашқан Рәміл Мухоряпов қоғам тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Желі қолданушысы Талғат Қалиев Мухоряповтың «әйгілі әңгімесінен» кейін оның қосымшалар қатты құлдырауға ұшырағанын жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.   

Қазақ тіліне құрметсіздік танытқан Рәміл Мухоряповтың әрекеті қоғамды дүр сілкіндіргені белгілі.

– Осы оқиғадан кейін Мухоряповтың Chocolife компаниясының AppStore жүйесіндегі рейтингі 4,6-дан 2,4-ке бірақ құлдыраған. Ал Aviata.kz 3,7-ге, Chocofood 4,2-ге құлдырап, рейтингісін жоғалтқан. Әзірше Сhocotravel ғана өз позициясын сақтап тұр екен.

Алдағы уақытта ол құлдырауды бастан кешсе, таңқалмаймыз. Бұл құлдыраудар бір күннің ішінде орын алғанын айта кетуіміз керек, – дейді Талғат Қалиев.

Мухоряповтың компанияларының рейтинг 1-ге жеткен кезде оның AppStore жүйесі автоматты түрде өз жүйесінен шығарып тастауы мүмкін.


Қазақ тіліне қатысты орысыз пікір білдіріп, мемлекеттік тілді кемсіткені үшін Мухоряпов осындай адам айтса сенгісіз жағдайға тап болды.

Осы жағдай Қазақстанда қазақ тілінің маңызды экономикалық факторға айналғанын анық көрінуге болады.

Мамандар алдағы уақытта қазақ тілі нұсқасы жоқ сайттар мен қосымшаларға берілген үлкен белгі екенін айтуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар