«Қалған 11 апаттық мектептердің 6-ына жобалық сметалық құжаттары дайын, 5-іне жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 28,2 млн теңге қаржы бөлінді. 2015 жылы осы 11 апаттық мектептердің құрылыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
2014 жылы 28 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда оның 7-і пайдалануға берілген. Қалған мектептер жыл соңына дейін берілетін болады.
Сондай-ақ, биыл 58 білім беру ұйымдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 46-ы жалпы білім беретін мектеп, 12-сі білім мекемелері.