Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС-нің салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі - 92 307 598 000 теңге.
Комитет өкілдері компанияның өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз бергенін де нақтылады. Қазіргі таңда бұл іс сотта қаралып жатыр.
Әнипа Назарбаеваға қатысты компания елдегі ең ірі салық борышкерлерінің антирейтингінде үшінші орынға жайғасқан. Тізім мынадай:
-
Ai-To Progress ЖШС (Дәурен Молдағалиев) - 111,6 млрд теңге;
-
Alpha-bet (Альфа-Бэт) ЖШС (Velora Group LTD) - 95,1 млрд теңге;
-
GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС (Әли Қылышбаев, Әнипа Назарбаева) - 92,3 млрд теңге;
-
OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі (Анарбек Жауыров) - 85,6 млрд теңге;
-
GB Invest ЖШС (Файез Наджиб) - 47,2 млрд теңге.
